Біздің миссиямыз

еліміздегі жоғары білікті IT мамандарының санын арттыру

Тыңдаушыларға Python бағдарламалау тілі бойынша базалық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыру.

Қарапайым бағдарламалар құруды, айнымалылармен, шарттармен, циклдермен және функциялармен жұмыс істеуді үйрету.

Қолданбалы есептерді шешуге арналған логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту.

Қатысушыларды бағдарламалауды және заманауи IT бағыттарын әрі қарай оқуға дайындау.

Біздің IT мектебіміз жаңадан бастаушыларға бағдарламалау мен технология әлеміне қадам жасауға көмектеседі. Біз Python бағдарламалау тілін қарапайым әрі тәжірибелік тәсілмен оқытамыз. Сонымен қатар оқушылар заманауи веб-әзірлеуді, сайттар мен веб-қосымшалар жасауды үйренеді. Курстар мектеп оқушыларына, бастаушыларға және IT саласына қызығатын барлық адамға арналған. Біз тәжірибелік дағдыларды, шығармашылық ойлауды және практикалық жұмысты дамытуға көңіл бөлеміз.

Жаңалықтар

Бізден не аласыз?

Біздің Оқытушылар

Кунсаков Амир

Жоба жетекшісі

Цифрлық трансформация жобаларын іске асыруға жетекшілік етеді, мемлекеттің цифрлық платформаларымен және жобаларымен үйлестіреді, Баишев Университеттің ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуін жетілдіреді, заманауи бағдарламалық-техникалық кешендерді қолданады. Зерек технопаркі жобалар жетекшісі.

Мухаммедьяров Бейбарыс

Веб – әзірлеуші

NU (Nazarbayev University) түлегі. Байшев университетінде Python оқытушысы және тәжірибелі Web – әзірлеуші ретінде жұмыс істейді. Бағдарламалауда және IT жобаларды іске асыруда 2 жыл тәжірибесі бар. Бастауыш деңгейдегі студенттерді оқытуға және қолданбалы веб-шешімдер әзірлеуге маманданған. Практикалық әзірлеу мен оқытушылық қызметті қатар алып жүреді.

Силлабус

2025-2026

2026-2027